Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Наум Шафер 90 жасқа толды

Қоғам

8
Павлодарлық танымал коллекция жиюшы, композитор Наум Шафер 90 жасқа толды. Ол өз мерейтойында қорындағы ерекше жазбаларымен бөлісті. Музыкалық туынды алғаш рет музей қабырғасында қойылды.

64 жылдық тарихы бар күйтабақтың барлық дыбыстары қаз қалпында сақталған. Наум Шафер қамшының сабындай қысқа ғұмырын осындай құнды жазбаларды жинауға арнаған. Қорда әсіресе, қазақстандық орындаушылардың саны басым екен. Мерейтойға орай облысымыздың зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қайраткерлері арнайы құттықтап келді. Сондай-ақ, күйтабақтарды цифрландыруға арналған арнайы құрылғы сыйға тартылды.

 

- Музыкалық композиция саласында менің ұстазым болған Евгений Григорьевич Брусиловскийдің ұсынысымен мен ауылдарды араладым және 30-шы жылдары шығарылған пластинкаларды жинадым, өйткені мен ол кезде Қазақстанда әлі өмір сүрмеген едім. Бұл жазбаларды еш жерден табу мүмкін болмады. Мен қарттармен, жастармен сөйлесу арқылы кімнің сататынын анықтадым. Сыйға тартылғандары қаншама. Осылайша бізде бай қазақ қоры құрылды, - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, коллекция жиюшы Наум Шафер.

 

Бүгінде барлық мәдени қазына Наум Шафер атындағы музейінде сақтаулы. Жалпы саны 27 мыңнан асады. Айта кетейін, ЮНЕСКО әлем бойынша  мұндай мекеме жалғыз екенін мәлімдеген.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()