Наурыз мейрамына орай ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтарындағы негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласында 2024 жылы 23 наурызда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді деп жоспарлануда.

Мекенжайы: Торговая көшесі,  2А ғимарат (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы).

Жәрмеңкеге Успен, Тереңкөл, Аққулы, Шарбакты және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз («Народный» базарында), Ақсу («Ауыл базары») қалаларында және облыстың 10 ауылдық ауданында ұйымдастырылады.

Фото: pexels