• Басты бет
  • Қоғам
  • Нұрмағамбетов көшесінің басым бөлігінде асфальт жаңартылды

Нұрмағамбетов көшесінің басым бөлігінде асфальт жаңартылды

Қала көшелерін ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Нұрмағамбетов көшесінің басым бөлігінде жаңа асфальт пайда болды. Сәйкесінше, жөндеу аяқталған жол бөлігі ашық. Естеріңізге салсақ, Нұрмағамбетов көшесін Жібек жолынан Назарбаев даңғылына дейінгі жол жабынын жаңарту жұмыстары маусымның 10-ында басталған. Бұл аралық 4,7 шақырымды құрайды. Коммуналшылар ескі асфальттың 10 сантиметрін қопарып, қайта жаңартуда. Сондай-ақ, жиектастарды ауыстыру қолға алынды.

-Қазіргі уақытта, №19-шы жолдан Қамзинге дейінгі аралықта жұмыстар аяқталды. Жалпы 50 қызметкер және арнайы техниканың 20 бірлігі жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасуда,-деп жеткізді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Айта кетсек, мердігер Нұрмағамбетов көшесімен тақылеттес, жаңа асфальтты Ломов бойында да салуда. Кейін Қамзиннен Елгин аралығын ретке келтіреді. Онда су құбырын алмастыруда.