• Басты бет
  • Қоғам
  • Нұрмағамбетов – Сұрағанов көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстары екі айдан аса жүргізілуде

Нұрмағамбетов – Сұрағанов көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстары екі айдан аса жүргізілуде

 Павлодарда биыл 12 магистральді көшеде асфальт жабынын жаңарту жұмыстары орындалуда. Нұрмағамбетов, Қамзиннен Сұрағановқа дейінгі аралықта алпауыт құбыр ауыстыруды аяқтай алмауда. Кейін мұнда жаңа жол пайда болады.

 

- Ағымдағы жылы Нұрмағамбетов көшесін Сұрағановтан 19-шы жолға дейінгі аралығында жол жабынын жаңарту жоспарланған. Бүгінгі күні жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. Тек Қамзиннен – Сұрағанов аралығы қалды. Онда алпауыт инженерлік желілерін жөндеуде, - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Бүгінде мәселелі телімдегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазылған аумақта жерді тығыздау қажет деді әкімдікте. Осы аптада жиектастарды демонтаждау басталады. Жаңа асфальт тамыздың 25-іне дейін пайда болмақ.

 

Айтмұхамбет Айғожа