Нәзік жан- Диана Моторная
Өндіріс ошағына қарапайым жұмыскер болып келіп, учаске шеберіне дейін көтерілген. Ауыр жұмыстың қыр-сырымен жақсы таныс. Нәзік жандардың жетекші бола алмайтындығы стереотип деп ойлайды. Әріптес ер адамдардың бұған үйренуіне де уақыт керек болды.
- Бастапқыда әйелдер ұжымында істегендіктен ерлер ұжымына келгенде қиындау болды. Тәжірибелі, жастары үлкен, мінездері бар дегендей. Өндірістегі әйелге деген надан көзқарас уақыт өте келе жоғалды, құрметтей бастады. Жұмыста жаман сөздер айтпайды да, барлығы әдепті. Ұжымымды жақсы көремін, - дейді «ERG Service» ЖШС ҚМЦ құю учаскесінің шебері Диана Моторная.
Шебердің қарамағында сырық жасау, формаға құю, қолдан қалыптау сынды жұмыстары жасалады. Диананың ұжымы өте ұйымшыл, жақында ғана «ERG Service»-те өткен 5S жүйесі бойынша сайыста бұл учаскесі 3-орын алған еді. Жаңа жүйе жұмыс орнын оңтайландырудың бірегей әдісі, оның негізгі міндеті – құрал-жабдықтарды тиімді орналастыру.
-Алғашқыда 5S жүйесіне көшу біраз қиындықтар туғызды, ер азаматтарға басында шағыдманып, кейін барлығы жинастырылып, тәртіпке келгеннен кейін өздері ұнатып қалды,- дейді «ERG Service» ЖШС ҚМЦ құю учаскесінің шебері Диана Моторная.
-Артымыздан қалмай бұл жүйенің қыр-сырын үйретті. Әйел адамның жетекші болуы бізде бұрын да болған. Диана өндірістегі дәстүрді жалағастырып келеді. Нәзік жандар жұмыста өте тиянақты, артықшылықтары сонда дей ойлаймын,- дейді «ERG Service» ЖШС қолдан қалыптау маманы Владимир Сидоров.
Диана өз ісіне адал, қатты беріліп қызмет етеді. Бұны туыстары да жақсы біледі.
-Ұжымдағы ер адамдармен тіл табысамын деп үйдегілерге командир сияқты пәрмен бере бастадым. Жақындарым қызық көретін. Қазір отбасыма келгенде жұмысты ұмытуға тырысымын. Тұрмыстық шаруалар жасап, баламен отырамын,- дейді «ERG Service» ЖШС ҚМЦ құю учаскесінің шебері Диана Моторная.
Диана ұлын өсіріп, осы күні немере бағып отыр. Кәсіпорынның сұлу жетекшісін әже деп айтуға да болмайды. Осылайша, өмірде де, еңбекте де сүйеніштері бар.
Авторы: Дархан Бекишев