НӘЗІК ЖАН-Екатерина Садыкова
Онда біз өмірдің қиындықтарынан қорықпайтын және кейде тіпті ер адамдар бас тартуға мәжбүр жұмыс түрлерінде еңбек атқарып жүрген арулар туралы айтамыз. Солардың бірі «ҚЭЗ» АҚ түсті металлургия өнімдерін бақылаушы Екатерина Садыкова.
-Оқуға түскеннен кейін бізді 3 курста тәжірибеге жіберді. Мен Қазақстан электролиз зауытына алғаш рет 18 жасымда аяқ бастым. Ол кезде құю бөлімінде болдық. Кейіннен осы жұмыс орнына ауыстым. Міне, 4 жыл қатарынан қызмет етудеміз,- дейді «ҚЭЗ» АҚ түсті металлургия өнімдерін бақылаушы Екатерина Садыкова.
Екатерина Садыкова дәл осы құрылғылардың көмегімен анод өндірісінің қалыпты жүруін қадағалайды. Себебі ол электроизге аса қажет, ал электролиз өз кезегінде алюминий алудың процесі болып табылады дейді.
-Әлбетте жұмысымыз өте қиын. Физикалық тұрғыдан бөлек, моральді тұрғыда мықты болу қажет. Сәйкесінше артылған жауапкершілік те мол. Дегенмен, бұл сүйікті ісіңмен айналысуға кедергі келтірмейді. Бір есептен ерлерден де қалыс қалмаймыз. Кәсіпорын тыныс тіршілігі алғаш келгеннен ұнады,- дейді «ҚЭЗ» АҚ түсті металлургия өнімдерін бақылаушы Екатерина Садыкова.
Кейіпкеріміз мамандық таңдауда қателеспегенін айтады. Кешегі жас маман бүгінде өз саласының хас шеберіне айналған. Екатерина жұмыс орнында тәртіпті бірінші орынға қоятынын айтады.
-Қызмет бабында барынша қырағы, жинақы және жауапты болуға тырысамын. Ал үйде қарапайым нәзік жандылар секілдімін. Күнделікті шаруашылықпен айналысамын, сондай-ақ, өз-өзіме де көңіл бөлуді ұмытпаймын,- дейді «ҚЭЗ» АҚ түсті металлургия өнімдерін бақылаушы Екатерина Садыкова.
«Нәзік жан» айдарының бүгінгі кейіпкері бос уақытын спортпен шұғылдану, кітап оқу сынды пайдалы әрекеттермен өткізеді. Айту керек, Қазақстан электролиз зауытында өнімнің жоғары сапасына басымдылық беріледі. Ал Екатерина Садыкова сынды мамандар оны басты назарда ұстайды.
Авторы: Бекбол Мырзахан