Нәзік жан - Елена Шульга
Онда біз өмірдің қиындықтарынан қорықпайтын және кейде тіпті ер адамдар бас тартуға мәжбүр жұмыс түрлерінде еңбек атқарып жүрген арулар туралы айтамыз. Солардың бірі Елена Шульга. Өмір бойы балабақшада тәрбиеші болып істеген, Елена Шульга осыдан 4 жыл бұрын, мансап жолын 360 градусқа бұрған. Қазір «ERG Service» ЖШС құю-механикалық цехы учаскесінің сырық бөлімшесінде қызмет етеді. Өндіріске қажетті бөлшектерді дайындау үшін арнайы пішіндерді өз қолдарымен, кептіріп жасайды. Нәзіктерге арналмаған кәсіп дейді, соған қарамастан, тиянақтылықты қажет ететіндіктен, бөлімше ұжымы тек әйелдерден жиналған.
-
Бізде әйелдерден жиналған, өте берік ұжым. Жұмысымыз қызықты, сырық дайындап, бояп, әрлеп, бөлшектерді шығару өз басым үшін мәртебе. Міндетімізді абыроймен орындап, өндіріске үлесімізді қосамыз деп есептеймін. Мамандығымды өте жақсы көремін,- дейді ЖШС ҚМЦ учаскесі сырық бөлімшесінің кептірушісі Елена Шульга.
Сырт көбен қарағанда өндіріске жан-тәнімен берілген әйелдер, ер мінезді, қатал болып көрінеді. Бірақ бұл қате пікір, қатқыл жұмыс киімі тек қабықша, ішінде нәзік жан, ана бар. Бұны Еленаның әріптестері де айтуда.
-
Біздің жұмыс физикалық тұрғыдан ауыр деп айтуға болады. Сондықтан бір-бірімізге көмектесеміз. Әрбіреуіміздің балаларымыз, жұбайларымыз бар. Солардың арқасында, нәзік жан екенімізді, ұмытпаймыз,- дейді «ERG Service» ЖШС ҚМЦ учаскесі сырық бөлімшесінің кептірушісі Динара Тасымбаева.
Жұмыс қызықты болғандықтан, үйде жүргенде де қызмет туралы ойларды алып жүру әдетім бар дейді біздің кейіпкер. Оны ұмыттыратын балалары бар.
-
Әрине, өнідірістегі ұжымдық жұмыс, біздің цех жайлы оларға айтамын. Қызығады, тіпті кейде, осында келіп көргісі де келеді. Балам мұнай-газ мамандығын оқып жатыр, кәсіпорындағы жұмысқа қызығады. Жұбайым да алюминий зауытында қызмет етеді,- дейді ЖШС ҚМЦ учаскесі сырық бөлімшесінің кептірушісі Елена Шульга.
8-ші наурыз күні Елена, өзге әріптес аруларымен бірге құттықтауларды қабылдайды. Бастысы отбасыға және кәсіпорындағы жұмысқа да көңіл бөлетін жан, екі жақта да өз бақытын тапқан сияқты.
Авторы:Дархан Бекишев