Нәзік жан- Гүлнар Пазылова

Олар өндірістегі ауыр жұмыс - ер азаматтардың ғана емес, арулардың да қолынан келетінін дәлелдеп келеді. Солардың бірі- Гүлнар Пазылова. Бүгінгі таңда көлік жүргізген нәзік жандылар ешкімді таң қалдырмайды. Дегенмен жүк тиегіштегі бұрымды ойландырарлық дүние. Гүлнар Пазылова 2008 жылдан Қазақстан электролиз зауытында осы қызметті атқарып келеді. Бұл ерлер арасында үлкен толқулар тудырыпты.

 

  • Барлық әйелдер таң қалды, себебі нәзік жанды ерлер командасында жүк тиегішке отырды. Бастапқыда бүкіл зауыт менің жұмысымды көруге келетін. Осы салада 14 жыл жұмыс істедім. Мен Кеңес Одағы кезінде трактор зауытында қызмет еттім, үзіліс үлкен болса да мен хабарландыру бойынша осында келдім, - дейді «ҚЭЗ» АҚ технологиялық механизмдер учаскесі тиегішінің жүргізушісі Гүлнар Пазылова.

 

Гүлнар Пазылова өз тиегішін жылдам әрі сенімді басқарады. Жұмыс аса дәлдікті талап етеді. Брикеттерді тіпті алюминий байланған ленталарға зақым келтірместен белгілі бір жерге мұқият жылжыту керек.

 

  • Мен вагондарға, контейнерлерге, жүк көліктеріне тауарды тиеймін. Жұмысым өте қызықты, ұжым да тату. Бір бірімізге әрқашан көмектесеміз, - дейді «ҚЭЗ» АҚ технологиялық механизмдер учаскесі тиегішінің жүргізушісі Гүлнар Пазылова.

 

Ол Қазақстан электролиз зауытындағы еңбек жолында көптеген жас мамандардың тәлімгері болды. Оның кейбір шәкірттері ұстаздан асып түскенін айтты. Бұл оны керісінше қуантады. Ал үйде, біздің айдарымыздың кейіпкері - сүйікті ана мен ардақты әже. Барлық бос уақытын немерелеріне арнағанды жөн санайды.

 

- Бос уақытымды немерелеріммен өткізгенді жақсы көремін. Менің екі ұлым және екі немерем бар. Олар менің өмірімнің мәні. Балалар бұл жұмыстан кетуімді көптен бері сұрап келеді, бірақ білесіз бе, мен бұл жұмыстан шаршамаймын, өйткені кәсібім өзіме қатты ұнайды, - дейді «ҚЭЗ» АҚ технологиялық механизмдер учаскесі тиегішінің жүргізушісі Гүлнар Пазылова.

 

Гүлнар Пазылова қай сала болмасын жетістікке жетуге болады дейді. Ең бастысы кәсібіңе ден қойып тынбай еңбек ету.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан