НӘЗІК ЖАН- Марьяна Ковалик
Онда біз өмірдің қиындықтарынан қорықпайтын және кейде тіпті ер адамдар бас тартуға мәжбүр жұмыс түрлерінде еңбек атқарып жүрген арулар туралы айтамыз. Солардың бірі Марьяна Ковалик Ақсу ферроқорытпа зауытында кран машинисті қызметін атқаруда. Бұл жұмысты ол өзі емес, мамандық оны тандағанын айтады.
-
Егер адам биіктіктен қорқатын болса, ол мұндай мамандыққа бармайды. Егер қорқыныш сезімі болса, мысалы біз жабық кеңістікте 12 сағат отырамыз. Жұмыс орнын «Құс үйімен» салыстыруға болады. Аралық мост одан да жоғары орналасқан. Онда біз барлық механизмдерді тексереміз,- дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехінің басшысы Марьяна Ковалик.
Біздің кейіпкеріміз Ақсу ферроқорытпа зауытының ең ыстық нүктелерінің бірі балқыту цехінда кран басқарушысы болып жұмыс істейді. Қызмет барысында ауыр жүктерді жылжыту қажет. Бірнеше минут ішінде Марьяна Ковалик шөмішті жеткізе алады. Айту керек, толық тостағанның максималды салмағы шамамен 15 тоннаны құрайды. Қуатты құрал-жабдықтарды әйел оңай және сенімді басқарады.
-
Өте жауапты қызметкер, шебер және тіпті өз ісінің маманы. Өз жұмысын сауатты, сапалы және түрлі шағымдарсыз орындайды,- дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехінің басшысы Кирилл Янцен.
-Менің ойымша ең бастысы бұл сабырлық сақтау және ұстамдылық. Көріп тұрғандарыңыздай мұнда адамдар көп. Бізге осындай жауапкершілік жүктелген, дегенмен балқытылған металды жылжытамыз. Кран бұл күрделі механизм. Ең бастысы асықпай, кезекті рет тыңдап жұмыс істеу. Себебі, біз адамдардың өмірі үшін жауап береміз,- дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехінің басшысы Марьяна Ковалик.
Біздің кейіпкеріміздің бүкіл отбасысы металлургтер. Жұбайымен бір цехта жұмыс істейді. Ал Коваликтер әулетінде кран басқарушылардың бұл үшінші буыны өсіп келеді. Марьяна зауытқа анасының артынан барса, қазір оның қызы да осы мамандықты игеруде. Жұмыста Марьяна Владимировна жауапты қызметкер болса, үйде әйел және ана. Қызметтен кейін ұлы және немересін тәрбиелеумен айналысады. Оларға сүйікті тағам – лазанья және басқа да дәмділерді дайындайды.
Авторы:Елена Белоградова