Нәзік жан -Ольга Капасова
Олар өндірістегі ауыр жұмыс - ер азаматтардың ғана емес, арулардың да қолынан келетінін дәлелдеп келеді. Бүгін біз - «ERG Service» ЖШС ҚМЦ учаскесі сырық бөлімшесінің кептірушісі Елена Шульга жайлы және «ҚЭЗ» АҚ энергетикалық қондырғылар операторы Ольга Капасова туралы айтатын боламыз.
-
Мен зауытқа сегіз жыл бұрын келдім. Алдымен құю бөлімінің су айналымында жұмыс істедім. 2 жылдан кейін мен компрессорларға қызығушылық таныта бастадым, өйткені 22-жасымда жұмысты емін-еркін меңгердім, сәйкесінше жаңа нәрсе үйренгім келді. Бір жылдан кейін маған компрессорлық станцияға ауысуды ұсынды, енді мен осында қызмет жасаудамын,- дейді "ҚЭЗ"АҚ энергетикалық қондырғылар операторы Ольга Капасова.
Маман қаншалықты мықты болса да, Қазақстан электролиз зауытындағы әр процесс командамен бірге жүреді, сондықтан барлығы бір-біріне көмектесуге әрқашан дайын. Ольга Капасова бұл жерде өзін үйдегідей сезінетінін айтады.
- Біздің зауытта көптеген учаскелерде, көптеген цехта, әсіресе біздің негізгі цехта сығылған ауа аса қажет. Мұндағы нысандардағы жұмыс өте күрделі, бізге әрқашан ер азаматтарымыз көмектеседі. Оларға айтар алғысым шексіз,- дейді "ҚЭЗ"АҚ энергетикалық қондырғылар операторы Ольга Капасова.
Ольга Капасованың отбасы да өндіріс саласының білікті мамандары. Ол ата-анасының ізімен осы жолды қуған. Барлығы мамандықтарын мақтан тұтады. Ал бос уақыттарын тиімді өткізуді жөн санайды.
- Мен белсенді демалысты ұнатамын. Қыста коньки тебуді, шаңғымен сырғанауды, әсіресе жазда күйеуіммен балық аулауды жөн көремін. Жалпы, өз жұмысымды зауытқа алғаш аяқ басқаннан күннен бастап жақсы көрдім. Сондықтан маған қаншалықты қиын болса да, мен осында жұмыс істеймін,- дейді "ҚЭЗ"АҚ энергетикалық қондырғылар операторы Ольга Капасова.
Ольга Капасова Қазақстан электролиз зауытының ең қадірлі қызметкерлерінің бірі. Нәзік жанды кейіпкеріміз өндірісте тынбай еңбек етіп әрі қарай дамуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Авторы: Бекбол Мырзахан