Нәзік жан - Полина Смольникова

Олар өндірістегі ауыр жұмыс - ер азаматтардың ғана емес, арулардың да қолынан келетінін дәлелдеп келеді. Олардың бірі Полина Смольникова. Полина Смольникова Қазақстан электролиз зауытында 2013 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Мұнда физикалық ауыртпалық аз болғанымен әр сәтті мұқият қадағалау қажет. Бұл электролиз өндірісінің басты орны. Жабдықтың дұрыс жұмыс істеуі үшін басқару тақтасының операторлары керекті деректерді орнатады.

 

  • Басында бұл мамандықты игеру өте қиын болады деп ойладым, өйткені жұмыс өте қиын, сандарды, электролизерлердің деректерін жинаумен және өңдеумен айналысамыз,- дейді «ҚЭЗ» АҚ басқару пультінің операторы Полина Смольникова.

 

Процесс толығымен автоматтандырылған. Бірақ, ешқандай жүйе адамды толығымен алмастыра алмайды, сондықтан мұнда үлкен команда бірлікте жұмыс істейді.

 

  • Ұжымда нәзік жандылар көп. Жалпы саны 11 адамбыз. Дегенмен атқарар ісіміз ерлер қауымынан кем түспейді. Олар да әрқашан қол ұшын созуға әзір,- дейді «ҚЭЗ» АҚ басқару пультінің операторы Полина Смольникова.

 

Полина Смольниковаға металлург мамандығын таңдауға ата-анасы себепкер болыпты. Кеңеске құлақ түргеніне дән риза. Бүгінде кәсібінің арқасында болашаққа сеніммен қарайды. Бұл ретте, білім алу үдерісінде назардан тыс қалдырмайтынын айтты.

 

  • Жалақы тұрақты, әлеуметтік қорғау, медициналық қызмет көрсету бар. Әрі қарай жұмысымды жалғастырамын. Менің жоғары металлургиялық білімім бар, десе де, экономикалық білім алғым келеді,- дейді «ҚЭЗ» АҚ басқару пультінің операторы Полина Смольникова.

 

Полина Смольникова, әр адамның қолынан көп нәрсе келетінін айтады. Ең бастысы-өз-өзіңізге күмәнданбау және мақсатыңызға сенімді түрде қадам басу дейді.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан