Нәзік жан - Татьяна Каценко
Олар өндірістегі ауыр жұмыс - ер азаматтардың ғана емес, арулардың да қолынан келетінін дәлелдеп келеді. Бүгін біз «ҚЭЗ» АҚ телефон байланысының станциялық жабдығының электромонтері Татьяна Каценко туралы айтатын боламыз. Нәзік жан айдарының бүгінгі кейіпкері зауыттағы барлық байланыс жүйесінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Татьяна Каценко Қазақстан электролиз зауытына оқуын бітіргеннен кейін бірден келген. Аруымыз мұндағы жұмысты басқаша елестеткенін жасырмады.
- 9 сыныпты аяқтағаннан кейін колледжге оқуға түстім. 4 жылдық кезеңді қызыл дипломмен сәтті тәмәмдадым. Кейін «ҚЭЗ» АҚ бос жұмыс орны бар екенін білдім. Әлбетте тәжІрибеден өттім дегенмен бастапқыда қорқышын болды, себебі зауытта жұмыс істеймін деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. Алғашқы жұмыс күнінде барлығы сейілді. Жұмысым өзіме қатты ұнайды, - дейді АҚ телефон байланысының станциялық жабдығының электромонтері Татьяна Каценко.
Татьяна Каценконың жұмысы асқан жауаптылықты талап етеді. Ол белгілі учаскелердегі ақауларды байланыс арқылы қабылдайды. Жіті анықталғаннан кейін мамандармен бірге оқиға орнына аттанып ақауды реттейді. Бұл ретте, ұжымның ер азаматтары аруларымызға қажетті кезде көмек көрсетеді екен.
- Ұжымдағы ер азаматтарымыз нәзік жандыларды әрқашан қолдап көмектеседі. Әрине, ауыр жұмыстарды олар жасауға тырысады. Мәселен, биіктікте немесе жабық кеңістікте орын алған жағдайларда қол ұшын созады. Бізде өз тарапымыздан кез келген сәтте көмек көрсететін жайымыз бар. Барлығы ынтымақтастық пен бірлікте еңбек етуде,- дейді АҚ телефон байланысының станциялық жабдығының электромонтері Татьяна Каценко.
Татьяна өзге де нәзік жандылар секілді ерлерге тән кәсіппен айналысуда. Мамандықты таңдауға ата-анасы себепкер болған. Қайсар қыз осы сала бойынша көптеген жетістікке жетуде жоспарлап отыр.
-Өндіріс қарқынды даму үстінде. Алға қойған мақсат та бар. Мансап бойынша жоғарылауды қаламайтын жан жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы - зауыт тыныс-тіршілігіне етене араласып кәсібіме ден қою қажет. Жақындарыммен отбасым мені әрдайым қолдайды,- дейді АҚ телефон байланысының станциялық жабдығының электромонтері Татьяна Каценко.
Татьяна Каценко өмірлік жарын Қазақстан электролиз зауытында кездестірген. Осылайша өндірістегі қызмет оның жеке өміріне жағымды әсерін тигізді. Бүгінде ол өз ісінің білікті маманы ғана емес аяулы жар, әрі ана атанып отыр. Кейіпкеріміз әр саланың қиын тұстары бар екенін, алайда кәсібіңе адал болып, оны сүйе білсең барлығын жеңуге болатынын айтады.
Авторы: Бекбол Мырзахан