НӘЗІК ЖАН-Әсем Тәженова

Олар өндірістегі ауыр жұмыс - ер азаматтардың ғана емес, арулардың да қолынан келетінін дәлелдеп келеді. Олардың біріӘсем Тәженова. Әдетте, бұндай арулар кеңседе құжаттарды реттеп, ауыр жұмысты ерлерге қалдыратын. Бірақ аталмыш стереотип Әсем Тәженоваға лайықты емес. Ол «ERG Service» кәсіпорнында қосалқы жұмыстар учаскесінің диспетчері. Өндіріс жұмыскерлерін, өнімдерді тасымалдау және жеткізу үшін автотехника ұсынуға, үйлестіруге жауапты. Тәжірибесі мол жүргізушілер мен автошеберлерге нұсқама беретін де осы нәзік жан.

 

  • Алғашқы келгеннен бастап, өзіңді дұрыс таныту керек. Ұжымда негізінен ер адамдар, мені көргенде, нәзік қыз деп ойлады, бірақ мен олардың қатарынан емеспін. Өз кәсібімді білемін, адал еңбектенемін. Сондықтан арамыздағы байланыс тез орнады. Қазір ұжым жақсы тіл табысады. Жұмыс орнымды өте жақсы көремін,- дейді «ERG Service» ПМЖЗқосалқы жұмыстар учаскесінің диспетчері Әсем Тәженова.

 

Әсем жүктелген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарап, міндетін салмақты саралайды. Әріптестері де, ер, әйел деп бөлінбей, бәрі де темірдей тәртіпке бойсұнуға дағдыланған.

 

  • Мына дичпетчер туралы айтсақ, өте еңбекқор кісі. Өзімізді сыйлайды. Сый-құрметіне ризамыз. Мен ойлаймын бәрлығы түсіністікпен қарайды. Әркімнің үйінде сондай қыздары, жолдастары бар. Сондықтан қарым-қатынас бәрі жақсы,- дейді «ERG Service» ПМЖЗқосалқы жұмыстар учаскесінің жүргізушісі Сайлау Исмағұлов.

 

-ERG Servic-тe2 жарым мыңнан астам жұмыскер бар, оларға қызмет көрсетуге гаражымызда 47 бірлік техника бар. Жұмыскерлердің техникамен қамтамасыз етілуіне диспетчер жауапты, Диспетчер иығына ауыр жүк артылады. Қуанышқа орай, бізде Әсем сынды еңбекқор қызметкеріміз бар. Өз міндетін 100%-ға орындайды,- дейді «ERG Service» ПМЖЗқосалқы жұмыстар учаскесінің басшысы Виктор Байжуманов.

 

Кәсіпорында жұмыс жүйесі ғана емес, бос уақытты пайдамен өткізу де қарастырылған. «ERG Service» кәсіпорындағы спорт нысандарына тегін жолдама ұсынады.

 

-Үйге кірген сәттен жұмыс туралы ұмытып, тұрмыстық міндеттерге кірісесің. Отбасым бірінші кезекте, әйел болғандықтан өзіме де көңіл бөлемін. Спортзалға барып, бассейінде жүзгенді ұнатамын,- дейді «ERG Service» ПМЖЗқосалқы жұмыстар учаскесінің диспетчері Әсем Тәженова.

 

Әсем екі ұлын тәрбиелейді. Балалары ел қатарында жүрсін деп аянбай тер төгіп, қажырлы еңбек етеді. Ер мінезді анасына қараған жеткіншектер, спортпен шұғылданып, қызметке адал болуға жігер алады.

 

Авторы: Дархан Бекишев