• Басты бет
  • Қоғам
  • Облыс орталығында жылжымалы екпе салу пункттері жұмыс істей бастады

Облыс орталығында жылжымалы екпе салу пункттері жұмыс істей бастады

Коронавирусқа қарсы екпе салғысы келетіндер тез жиналды. Кешен ішінде дәрігер келушінің денсаулық жағдайын тексереді. Павлодарлықтардың айтуынша мұндай жылжымалы екпе пункттері уақытты үнемдейді, әрі ыңғайлы. Емханаға барып жазылудың қажеті жоқ.

 

Бұл ретте біздің өңірге жақында ресейлік Спутник V-ңің 6 мың дозасымен  қатар, 2 мыңдай қазақстандық вакцина жеткізілген. Ақпанның 1-нен бастап 26 мыңнан астам адам екпе алған. Сәуір айының соңына дейін 42 мың  вакцина салуды жоспарлауда.

 

- Қала бойынша әзірге бір жылжымалы пункт істеп тұр. Біз оның қаншалықты сұранысқа ие екендігін көргіміз келеді. Егер қажет болса сауда және мәдени орталықтарда, жағалауда палатка ашамыз. Вакцинациялауды халыққа анағұрлым жақындатқымыз келеді, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

 

 

Айта кетсек, Павлодар облысы қазір қызыл аймақта. Бұл ретте инфекциялық стационарлардағы бос емес кереует саны 30% құрайды. Бұл 630 адам. 29-ы жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың 11-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Естеріңізге сала кетсек, бүгін өңірімізде коронавирус жұқтырған 87 адам тіркелді.