• Басты бет
  • Қоғам
  • Облыс әкімі ауруханаларды инкогнито тексеруге кеңес берді

Облыс әкімі ауруханаларды инкогнито тексеруге кеңес берді

Павлодар қаласы тұрғындары емхана мен аурухуналар жұмысына жиі шағымдануда. Олқылықты түзету үшін медицина ордаларына алдын ала хабардар етпей, ингонито тексеріспен бару керек. Бұндай бастаманы шенеуніктерге облыс әкімі Асайын Байханов ұсынды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Күзгі салқын ауа райы салдарынан сырқаттанып, дәрігерлерге жүгінетін тұрғындар саны арта түскен. Өкінішке орай, жерлестеріміз медициналық қызмет көрсету сапасына жиі шағымдана бастаған. Бұны басқарма басшылары да мойындап, антирейтингтегі мекемелерді нұсқады. Облыс әкімі, халық үніне құлақ салу үшін емханаларға инконгнито баруға кеңес берді.

 

- Өтініштердің көпшілігі 1-ші, 4-ші емханаларға, 1-ші аурухана шағымдар көп. Шағымдарды азайту, жағдайды жақсарту үшін, науқастарды қолдау қызметтері жұмыс істеп жатыр,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әнуар Бұйрашев.

 

-Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ретінде, сол емханаға назар аударуыңыз керек. Барып көру керек. Барамын деп айтпаңыз алдын ала, науқас ретінде барыңыз. Танысыңызды жіберіңіз. Батыс елдерінде «мистер шоппинг» деген технология бар, «тайный покупатель» деген естіген шығарсыздар. Сол әдіс бойынша, ешкімге білдіртпей, қызмет алып, қандай кемшіліктер бар екенін көресіз,-деп ұсыныс білдірді облыс әкімі Асайын Байханов.

 

Аймақ басшысы, астыртын тексеріспен келуді жиі қолданатындығын атап өтіп, шенеуніктерді бұны тәжірибеге алуға шақырды.

 

Фото: Freepik.com