• Басты бет
  • Қоғам
  • Облыс әкімі бүгін Павлодар қаласының оқу мекемелерін аралап шықты

Облыс әкімі бүгін Павлодар қаласының оқу мекемелерін аралап шықты

Павлодардағы қазақ тілді №7 жалпы орта білім беру мектебі 1906 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу жасалмаған. Өңіріміздегі ең көне оқу мекемесін толықтай жаңарту жұмыстарына «Заманауи мектеп» бағдарламасы аясында 720 миллион теңге жұмсалған.

 

  • Күрделі жөндеумен бірге, жабдықтау жүргізілуде. Үстелдер ауыстырылды, жиһаздар, тақта жаңартылды. Сонымен қатар модификацияланған, STEM зертхана, физика, химия сыныптары, асхана, мәжіліс залы, музыка жабдықтары жаңартылды,- дейді №7 Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектебінің директоры Халида Бекбосынова.

 

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақова білім ордасының жаңа келбетіне жоғары бағасын берді. Нысан алты бағыт бойынша жөнделген. Мәселен, әбден ескірген қасбеті, едендері, терезелері ауыстырылды. Сонымен қатар, су тарту, кәріз және электр желілері толық қалпына келтірілді. Мектеп кезінде ленинградтық жоба бойынша бой көтерген екен. Бес қабатты болса да, қазіргі нормативтерге орай жеті қабатты үймен пара пар.

 

  • Павлодар облысында, қаласында, ең көне мектеп осы ма? 116 жыл деген, бір ғасырдан асып кетті ғой. Бұрын күрделі жөндеуден өтті ме? Кеңес дәуірінен жасалмаған. Босағалары биік көрініп тұр,- дейді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

 

Жоба шеңберінде ғимараттың аумағыда абаттандырудан өтіп, мектеп стадионы да жаңартылды. Айту керек, биыл «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша Б.Момышұлы атындағы мектеп пен №9 гимназияны күрделі жөндеу жоспарлануда.

 

Авторы:Дархан Бекишев