Облыста көші-қон заңнамасын бұзған 81 шетелдік анықталды



Өңірде “Заңсыз келуші” жедел іс-шаралар барысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетел азаматтардың анықтау жұмыстары жүргізілуде дейді irbistv.kz тілшісі.

 

-Соңғы 4 күнде 81 шетелдік пен 23 жұмыс беруші анықталды. Мысалы, Павлодар қаласындағы тұрғын үйдің бір құрылыс объектісінде жұмыс істеу барысында шетелдік 11 азамат анықталып, ұсталды. Олар рұқсат құжаттарынсыз елордалық құрылыс ЖШС-нің бірінің әрлеушісі ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды. Осы факті бойынша ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

 

Шара аясында сотқа 136 материал жіберілді, оның ішінде әкімшілік материалдар – 134, қарау нәтижелері бойынша ТМД-ның 20 азаматына қатысты оларды елден шығару туралы шешім қабылданды. 32 шетелдіктің болу мерзімі қысқартылды

Фото: Павлодар облысы ПД