Облыста тұмауға қарсы екпе салу науқаны бастау алды

Қазіргі таңда медициналық қызметкерлер тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрғандарға хабарласып вакцина салуға болатынын айтып ескертуде. 90 мың доза вакцинаны 88 млн теңгеден астам қаражатқа сатып алған. Препарат ресейлік өндірушіден.

 

-Тұмауға қарсы екпенің 90 мың дозасы жеткізілді. Және біздің емханаларға таратылды. Жалпы бүгінде облыс тұрғындары емханаларға барып екпе ала алады. Бұл бірінші кезекте қауіп қатер тобына жататын бұл балалар жүкті әйелдер егде жастағы қарт адамдар болып табылады,-деп жеткізді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы м.а. Ерғалы Асылбек.

 

Ал аталмыш вакцинаны ақылы түрде алам деушілер үшін әлі баға бекітілмеген. Алайда оған алдағы уақытта қол жеткізуге болады деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында. Айта кету керек, тұмауға қарсы екпемен қатар коронавирус індетінен де екпе алуға болады. Ол үшін Pfizer, Qazvac, VeroCell препараттары бар.