• Басты бет
  • Қоғам
  • Облыста заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы басталды

Облыста заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы басталды

Әдеттегідей, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы белгіленеді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.


Павлодар облысының аумағында заңсыз сақталған заттарды халықтан сатып алу бойынша акция 2024 жылғы 22 сәуірден бастап өткізіледі. Бұл ретте, сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде комиссиялар қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйін ескереді.


-Комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін айқындау кезінде арнайы қағдидаларды қолданады. Белгілінген 1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100%-ы есебінен жүргізіледі. 3-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 30 %-ы есебінен жүргізіледі. Криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып танылмаған, "Криминалдық қару" және "Тіркелген қару" есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға, қолдан жасалған оқ-дәріге, тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға арналған патрондарға сыйақы төленбейді,-деп жеткізді

Павлодар облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция бастығы Борис Әлімбаев.


Айту керек, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыруға барлығы 4 млн. 044 мың теңге сомасында ақшалай өтемақы бөлінді.

 

Фото: Freepik.com