• Басты бет
  • Қоғам
  • Облыстағы көлік жолдарында сиыр мен жылқының металл макеттері орнатылуда

Облыстағы көлік жолдарында сиыр мен жылқының металл макеттері орнатылуда

Мал өтеді деген әдеттегі кішкентай жол белгісі күре жолдардағы көлік жүргізушілерінің назарынан тыс қалатын секілді. Сол себепті апат көп тіркелетін орындарға қоюды шешкен.

 

-Бұл жобамен республикалық бағыттағы барлық жолдар қамтылды. Әр ауданда макет орнатылды. Барлығы 15 дана. Негізгі бағыттар бұл Павлодар-Семей, Павлодар-Баянауыл, Ертіс, Ақтоғай, Қашыр Лебяжі, Успен, Шарбақты, Екібастұз аудандары,-дейді «ҚазАвтоЖол» Павлодар облыстық филиалының жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Мади Шайдуллин.

 

Долгое және Заря ауылдары арасына тағы біреуін орнатты. Оның ерекшелігі екі жағынан да жарыққа шағылысып, қараңғы уақытта 200-300 метр қашықтықтан көрінеді. Биіктігі 2, ұзындығы 2,5 метр.

 

-Өткен жылдың қорытындысы бойынша біздің филиал қызмет көрсететін жолдарда жүзден астам көлік апаты тіркелді. 47 адам көз жұмып, 90-нан астамы жарақат алды. Соның ішінде 4-уі малдың қатысумен болды. Онда бір адам көз жұмып бестен астамы жарақат алды,-деп жеткізді «ҚазАвтоЖол» Павлодар облыстық филиалының жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Мади Шайдуллин.

 

Айта кету керек, үй жануарларының иелері рұқсат етілмеген жолдардан мал айдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар көлікке келтірілген шығынды өтейді.