Облыстық онкология диспансерінде ашық есік күні өтеді

 

Павлодар облыстық онкологиялық диспансерде өткізілетін ашық есік күндері онколог мамандарға жазылусыз және тегін қаралуға мүмкіндік бар дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Қатерлі ісікпен ауыру бойынша біздің аймақта бірінші орында сүт безі, екінші орында өкпе, үшінші орында колоректальды рак тұр. Ал осы сенбі 30 наурыз күні онкологиялық диспансерде колоректальды және жатыр мойыны ісігін анықтау және алдын алу бойынша мамандар қабылдау жүргізеді. Шараның басты мақсаты - қатерлі ісік туралы халықтың ақпараттандыруын арттыру, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау және алдын алу.

 

- Медициналық сақтандыру бар ма жоқ па осыған қарамастан кез келген адам білікті маманға тегін қарала алады. Айта кету керек, анализ қорытындысы бірден дайын болады. Барлық тұрғындарды сенбі 30 наурыз күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін күтеміз-,деді Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Әсел Асқарова.

 

Бүгінгі таңда Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде 13 384 пациент тіркеуде тұр. Мамандар мұндай ашық есік күндерінен бөлек өз тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша скринингіден өту маңызды екенін еске салады. Себебі қатерлі ісік ерте анықталған жағдайда оны жоғары ықтималдықпен емдеуге болады.