Облыстық пән олимпиада жүлдегерлері ППУ ректорының грантымен марапатталды
ППУ базасында өткен пәндік додаға аймақ көлеміндегі дарындылар қатысты. Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша өтті. Бүгін тек жүзден жүйрік атанғандарға лайықты марапат табысталды. Солардың бірі - Альтаир Қабдрахманов. Айтуынша, ППУ арқылы болашаққа нық қадам жасамақ.
- Менің пәнім физика болды. Осы болашақта білікті маман болуға, оқушыларды физика пәнін оқытып ұстаз болу мақсатым бар. Құрастырылған сұрақтар жақсы болды. Аса жоғарғы, қиын деңгейде болған жоқ. Мектеп қабырғасында өткен тақырыбымыз кездесті. Барлығына жауап беріп бірінші орынға ие болдым. Сол сұрақтар жеңіл болды негізінен мен үшін, - деді ППУ ректоры грантының иегері Альтаир Қабдрахманов.
ЖОО грантына 5 оқушы ие болды. Болашақ студенттер енді ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті 75 балл алулары қажет. Осылайша ППУ ұстаздық мамандықты таңдаған талантты жастарды ынталандырып қолдау көрсетуде.
- Болашақ ұстаз ол білімді болуы керек. Сондықтан, біздің негізгі алдымызға қойып отырған мақсатымыз осы мектептердегі дарынды балаларды өзімізге тартып, соларды болашақ ұстаз мамандығына дайындау. Биылғы олимпиадаға 148 оқушы қатысты. Солардың ішінен ең жақсылары, ең мықтылары бүгінгі марапаттауға шақырылып отыр, - деді ППУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гүлнар Мұсанова.
Олимпиадаға қатысушылар саны жыл санап көбюде. Сәйкесінше жаңа мүкіндіктер ұсынылуда. Мәселен, математика, физика, химия және биология пәндеріне биыл география бағыты қосылды.
- Төрт бағыт бойынша берілетін грант. Биыл бесінші пән қосылды. География пәні бойынша. Бірінші орын алған студенттеріміз 100% грант ұтып алады. Екінші орын алған балаларымыз 50% жеңілдік алады, ал үшінші орын алған балаларымыз 25% жеңілдік алып отырады, - деді ППУ ректоры грантының иегері Дария Есенғали.
ППУ студенттерді әрқашан қолдайды. Бұған берілетін шәкіртақы көлемімен білім сапасы айқын дәлел.

