Облысымыздағы мұз өткелдері әлі ашылған жоқ

ТЖД мәлімдегендей мұз өткелдері әдетте бізде аудандарда ашылады. Негізінен  оны шөп немесе ағаш тасығысы келетін шаруа қожалықтары  пайдаланады. Алайда мұздың қалыңдығы қауіпсіздік көрсеткішіне сай болса да, әзірге аудандық әкімшіліктердің ешқайсысы оған ниет білдірмеген.

 

- Қазіргі таңда Ертіс өзеніндегі мұздың қалыңдығы 52-54 см құрайды. Дегенмен де мұз өткелдері әлі ашылған жоқ. Жыл сайын бізде оннан астам мұз өткелі ашылады. Өткен жылы 13 өткел ашамыз деп жоспарлаған едік, алайда екеуі ғана ашылды, - деді Павлодар облысы ТЖД басқармасының басшысы Асқарбек Омаров.

 

ТЖД мамандары мұздың қалыңдығы әр ауданда әртүрлі болуы мүмкін. Сол себепті мұз өткелдеріндегі қауіпсіздік үшін жауапкершілік жергілікті шенеуніктердің мойнында.