Орта Азиядағы Жалғыз Стелла

Моно қалада Әскери-теңіз күштері күні аталып өтті. Бұл ретте, теңізшілер құрметпен еске алынды. Сондай-ақ, Орта Азиядағы жалғыз стеланың салтанатты ашылу салтанаты өтті.


Пандемияға байланысты салтанатты ашылу рәсімі өтпеген. Бұл ретте, биыл мерекеге орай ұйымдастырудың сәті түсті. Сондықтан Ақсу қаласында теңіз флотының ардагерлері бас қосты. Айту керек, Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекетінен шараға арнайы келгендер де болды.


- Бұл Орталық Азиядағы жалғыз стела, бұндай еш жерде жоқ. Сондықтан бүгінгі ашылуға Қазақстанның 9 облысынан жиналды. Әр облыстан 3-4 адам, атап айтсақ, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан көп жігіттер келді. Яғни, біздің әріптестер, теңізшілер осы шараға қолдау білдірді, - деді «Теңіз күштері ардагерлері» қоғамдық ұйымының төрағасы Александр Осипов.


Бұнда болашақ ұрпаққа деген өсиет уақыт капсуласына қойылды. Әскери-теңіз күштерінің ардагерлері аталмыш капсуланы 2050 жылы жас ұрпақ ашып, оқитынына сенім білдірді. Шараға металлургтер қаласы әкімінің орынбасары қатысып, бұндай акцияның маңыздылығына тоқталды.


- Бұл өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтереді, сіздердің істеп жатқандарыңыз барлығына қажет, мұны көргенде біздің жас сарбаздарымыз дәл осы флотқа түскісі келеді деп ойлаймын, - деді Ақсу қаласы әкімі орынбасары Нұрлан Байбәкіров.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Айту керек, бүгінде Ақсу-Қазақстандағы теңіз флоты ардагерлер қозғаласының орталығы болып табылады.