• Басты бет
  • Қоғам
  • Осы күзде Павлодар облысынан 600-ден астам жас әскери қызметін өтеуге атанады

Осы күзде Павлодар облысынан 600-ден астам жас әскери қызметін өтеуге атанады

 

 

Қазіргі таңда жігіттер өзінің қызметке жарамдылығын тексеру үшін медициналық комиссиядан өтуде. Алғашқы лек қыркүйектің жетісінен бастап басқа өңірлерге аттанады дейді irbistv.kz тілшісі

 

Әскерге шақыру науқаны желтоқсанның 30-на дейін жалғасады. 18-ден 27 жасқа дейінгі әскерге жарамды азаматтар шекара, қарулы күштер, мемлекеттік күзет пен ұлттық гвардияда және ТЖ министрлігі қызметтерінде борышын өтемек. Қорғаныс департаментінің басшысы жастардың қатаң медициналық және психологиялық тексерістен өтетінін еске салды. Айта кету керек, Павлодар облысы әскери бөлімдерінде әлімжеттік көрсету деректері тіркелмеген.

 

- Бүкіл жерде ғамарт ішінде бейне түсіретін камералар бар, олар күніне екі рет күндіз және түстен кейін қаралады. Балалардың дене жарақатын бірдеме оқыс оқиға болдырмас үшін күніне үш рет адамның денесін, сарбаздардың таңертең тамақтан соң денесін шешіндіріп, іш киіммен ғана қалады адам түскі астан кейін қарайды, содан кейін кешке қарайды тамақтан кейін,-деді Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Бекзат Оразов.

 

Павлодар облысы бойынша күзгі науқанда 653 жас шақырылмақ. Олар негізінен Оңтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан өңірлеріне аттанбақ. Бұл ретте болашақ сарбаздарға 1414 бірыңғай нөмірінен SMS хабарлама келеді. Немесе тұрғылықты мекенжайына жеке қағаз жіберіледі. Ал заңсыз себептерсіз әскерден жалтарғандарды 1 мың АЕК дейінгі айыппұл немесе 1 жылға бостандығын шектеу, болмаса дәл осы мерзімге темір торға қамау жазасы күтеді.