• Басты бет
  • Қоғам
  • Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар жанұяларымен қауышты

Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар жанұяларымен қауышты

Сапаржайға жиналған адамдар жүйіткіген әр пойызға қарайлап әлек. Бірінің перзенті, бірінің аға-інісі ел алдындағы борышын абыроймен өтеуге аттанған еді.

 

- Кіші ұлды өз қолыммен апардым. Өзім барып сөйлестім военкоматта кісілермен, қалай болады екен, неше түрліні естиміз ғой. Командирлері бәрі өте жақсы. Адамгершіліктері жақсы. Енді айтатыным еркек баланың дұрыс әскерге барғаны, - деді күтіп алушылардың бірі.

 

Аман-есен оралған жауынгерлер туғандарымен, дос-жарандарымен қауышты. Бұл жолы ұлттық гвардия сапында жерінің тыныштығын күзеткен 22 сарбаз қалаға келіп жетті.