• Басты бет
  • Қоғам
  • Оңай құтылды: адам өліміне қатысы бар жүргізуші жазадан құтылды

Оңай құтылды: адам өліміне қатысы бар жүргізуші жазадан құтылды

Полицейлер тамыз айында Қамзин – Аймауытов қиылысындағы апатты жеңіл көлік жүргізушісі жол бермей бағдаршамның сары түсіне өтіп кетті деген болатын. Бүгін сотта барлығы керісінше болғаны анықталды. Сол кезде 87 жастағы әйел көз жұмған еді. Газельді тізгіндеген ер адамға қатысты үкім шықты. Ол кінәсін мойындады, 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда оны бірден жазадан босатты.

 

- ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заңға сәйкес 345-баптың 3-бөлімі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық ауыр емес болғандықтан сот сізді бас бостандығынан айыру жазасынан босатты, - деді судья.

 

Сонымен қатар ер адамды бес жылға көлік басқару құқығынан айырды. Адам өлімі орын алған жол көлік апаты үшін бұл жалғыз жаза болып қалды. Сонымен бірге жапа шегушілердің еміне кеткен соманы қайтаруға міндеттеді. Қарсы тарап оған ең қатаң үкім сұраған еді.