Оңтүстік өңірден көшіп келгендер сапасыз баспанаға шағымданды
Техникалық сипаттамаға сәйкес шенеуніктер Александровка ауылында 2019 жылдан бергі уақытта салынған, жалпы алаңы 74 шаршы алаңнан аз емес пәтерлерді сатып алуы тиіс болған. Алайда олар бұл шарттарды айналып өтуді шешкен. Мұны Шарбақты ауданы экономиканың шынайы секторы бөлімінің басшысы бақылауы керек еді. Алайда талаптарды қарамаған. Енді тәртіптік кеңес мүшелеріне таңдау болмады деп түсіндіруде. Жаңа баспана салмаған, ал сатып алынған пәтерлер бұл санатқа жатқызуға әбден лайық.
- 2020 жылы «Абай» ЖШС алған мәлімет бойынша бұл үйлерде жобаны қайта өзгерту орын алып, олар қайта тұрғызылған. Жаңа қасбет, жаңа еден. Үйдің іші сырты қайта сыланған. Шатыры жаңадан орнатылған. Қайта жабдықталып қайтадан пайдалануға берілген, - деді Шарбақты ауданы экономиканың шынайы секторы бөлімінің басшысы Равиль Гумаров.
Үйлерді 2015-16 жылдары салған. Пәтерлердің алаңы 67 шаршы метр. Яғни сипаттамаға сай емес. Бөлім басшысы бюджеттен 30 миллион теңге жұмсадық, пәтерлердің қолда бар алаңы үшін төледік деп түсіндірді. Сонымен бірге 4 миллион теңгедей үнемдегенін айтты. Алайда тәртіптік кеңес мүшелері талаптар бар, сондықтан өзінше әрекет жасауға болмайды деді.
- Ол жүгініп, ауылда 2019 жылғы үйлер жоқ деп айтуы керек еді. Ол кезде сертификацияны өзгертуді ұсынар ек. Ал былай өзім білемге салғанымен қоймай, жауапкершіліктен қашпақшы болды. Техникалық сипттаманы өзінше түсіндірді, - дедітәртіптік кеңес мүшесі Амангелді Хамзин.
Шенеунік мемлекетке шығын келтірілмеген. Дегенмен де қоныстанушылардың шағымы қызметтік тексеріс кезінде расталды. Нәтижесінде тәртіптік кеңес мүшелері Шарбақты ауданының бөлім басшысын жұмыстан шығармауға кеңес берді. Тек қызметіне толық сәйкес емес деумен шектелді.

