• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда КВИ-ге қарсы екпе салатын бригадалар жұмысын бастады

Павлодарда КВИ-ге қарсы екпе салатын бригадалар жұмысын бастады

Облыстық мәслихат депутаттарынан құрылған топ қаладағы емханаларды аралады. Ең бастысы, ниет білдірушілердің толыққанды тексеріліп, санитарлық талаптарды сақтай отырып егілуін қадағалау.

 

- Бірнеше мекемені бүгін өттік. Қуанып отырмын. Біздің халық түсіністікпен қарап отыр. Міне, үлкен ағамыз айтып отыр, вакцинаны алдым деп. Жағдайым жақсы деп, - деді Павлодар облыстық маслихатының депутаты Света Әбдіраманова.

 

Екпе алған соң пациенттер 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады дейді депутаттар. Сондай-ақ қала бойынша емханалар негізінде арнайы мобильді топтар құрылды.

 

- Қазіргі таңда 35-тен аса жылжымалы екпе бригадалары жұмыс істейді. Яғни олар үлкен кәсіпорындарға, сауда орындарына, осы екпені аламын дегендерге екпені қою жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Темірғалиева.

 

 

Сондай топтардың бірі туберкулез диспансеріне келді. Дәрігерлер ұжымы толыққанды екпе алуға келісім берді дейді мекеме басшылығы. Және бүгінгі таңда жүзден астам маман бірінші компонентті салып үлгерген. Бүгін келіп отығандар қатарында Шаймұрат Орынтайұлы да бар.

 

- Бұл екпені алудағы мақсатымыз келекшекте осы індетті жаппай тоқтатуға, жақындарға, туыстарға жұқпайтындай болуы үшін осы екпені алу керек. Бұл екпенің көмегі болады деп сенеміз, - деді Павлодар қаласы туберкулез диспансері реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Шаймұрат Қайырбеков.

 

Алдағы уақытта сауда орындарында да арнайы кабинеттер ұйымдастырылмақ. Ал жұмыс орнына шақыратын ұжымдарда екпеге келісім бергендер саны он адамнан кем болмауы тиіс. Қазіргі таңда жалпы облыс бойынша 18 мыңнан астам тұрғын бірінші компонентті алса, 4 мыңнан астамы толық егіліп болған.