• Басты бет
  • Қоғам
  • Пандемия кезінде психологтардың көмегіне жүгінетіндер саны екі есеге артқан

Пандемия кезінде психологтардың көмегіне жүгінетіндер саны екі есеге артқан

Психологиялық көмекке мұқтаж жандарды қолдау қызметі 2014 жылдан жұмыс істейді. Мұнда адамдар өздерін мазалаған түрлі мәселелермен хабарласа алады. Мамандардың айтуынша жыл сайын орталыққа қоңырау шалушылар саны артуда. Әсіресе пандемия кезінде екі жарым есеге өскен. Бұған дейін күніне 10 қоңырау қабылдаса, қазір 20-дан асады.

 

- Әрбір адам оған психологиялық көмек қажет пе өзі анықтайды. Бұл көбіне адамдар арасындағы жанжал. Отбасындағы, жұмыстағы. Кейбіреулері мұндай мәселелерді өздері шеше алады. Психологқа бәрі бірдей бара бермейді. Жақындарымен бөлісетіндер де бар. Ал кейбіреулері мәселелері туралы айтқысы келмейді. Сондықтан ішіндегісін айтып, бөліскісі келетіндер бізге хабарласады, - деді медико-психологиялық көмек қызметінің меңгерушісі Светлана Столяревская.

 

Психологтардың айтуынша қазіргі уақытта балаларға үлкен көңіл бөлу қажет. Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында жыл басынан өлімге әкелген үш суицидтік жағдай болған.  Ал өткен жылы осы аралықта мүлдем тіркелмеген.

 

- Бұл сандар қазір балалар қиын сәттерден өтіп жатқанын көрсетеді. Сол себепті оларға қолдау қажет. Үлкендердің, ата-аналарының, психологтардың көмегіне мұқтаж. Бізге кез-келген жастағы адам хабарласа алады. Бұл балалар да болуы мүмкін, - деп атап өттіСветлана Столяревская.

 

Айта кететіні, психологиялық қолдау орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Көмек алғысы келетіндер 8-800-080-34-34 немесе қаңтар айынан іске қосылған 1302 қысқа нөмірі бойынша хабарласа алады. Қоңырау шалу – тегін.