Парақорлықпен жауапқа тартылған үш павлодарлық 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлейді
Павлодар облысының сыбайлас жерқорлықпен күрес департаменті пара алу дерегі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істер жайлы айтты. Олардың қатарында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасарына қатысты материал да бар. Ол бизнесменнен мемлекеттік сатып алу, тауар жеткізуге келісімшарт жасау және орындалған жұмыстар актісіне қол қою кезінде оның мүддесіне қолдау танытқаны үшін 15 миллион теңге пара алған. Сонымен қатар департамент басшысы жуырда білім беру басқармасы қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс тергелуіне байланысты мән-жайы жарияланбайды деді.
- Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында департамент Павлодар облысының білім басқармасының қызметкерлеріне және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлімі 2 тармағына көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Павлодар облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі департаментінің басшысы Ернар Баянғазин.
Жалпы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 13 тұлға жауапқа тартылған. Оның екеуі облыстық басқарма қызметкерлері болып табылады. Дегенмен де Ернар Баянғазиннің айтуынша аймағымызда парақорлық біршама азайған.

