Павлодада жол белгілеріне 36 миллион теңге қаражат бөлінбек
Биыл Павлодарда жол белгілерін қаржыландыру үш есеге артты. 2021 жылы олар шамамен 11 миллион жұмсаса, 2022 жылы 36 миллион теңгеге жоспарлап отыр. ТҮКШ бөлімі мердігерді анықтау процессінің жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
- Бүгінде «Автодорсигнал» ЖШС мердігерлік ұйымымен қаңтар-ақпан айларына 4 миллион теңге сомасына шарт жасалды. Сонымен қатар, мердігер ұйымды анықтау үшін 32 миллион 200 мың теңге сомасына конкурстық рәсімдер жарияланды. Бұл сома жыл сайын полиция басқармасынан 50-ден астам ұйғарым келіп түсуіне байланысты ұлғайтылды, -деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Аралов.
Бір жол белгісіне бюджеттен орташа есеппен 30-35 мың теңге кетеді. Аталмыш сомаға мердігердің жұмысы да кіреді.
- Әрбір факті бойынша біз өтініш берушілермен байланысып, адам белгілеуді сұрайтын орынға барамыз. Қажеттілік бар ма, ол қолданыстағы стандарттардың белгіленген талаптарына сәйкес келе ме? Егер барлық талаптар орындалса, онда жергілікті атқарушы органдардың атына нұсқама енгізіледі, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы ПБ әкімшілік полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Мақашев.
Айту керек, жол белгілеріне деген жоғары қажеттілік соңғы жылдары және ішінара тіпті кішкентай көшелерді асфальттауға байланысты көбейген. Сондықтан мұнда кем дегенде «Жол беріңіз» деген белгілерді орнату керек. Полицияның мәліметінше, бүгінде жалпы саны 250-ден астам жол көрсеткіштері қажет.