Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар әкімдігі: «Аязды күндері асфальт төсеу барлық талаптарға сай»

Қоғам

98
Арнайы технология қолданылды. Аязды ауа райына қарамастан мердігер Астана көшесін күрделі жөндеуді жалғастырды.

Астана көшесін күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ол үшін мердігер ауа температурасының төмен жағдайында асфальт төсеудің арнайы технологиясын қолданды. Жұмыстардың алдында жол жабыны алдын ала кептіріліп, асфальтбетон қоспасы жоғары температураға дейін қыздырылады.

- Салқын ауа райында жол төсеу күрделі технологиялық үдеріс болып табылады. Лермонтовтан Торайғыровқа дейінгі Астана көшесінің аралығында жол жабыны 600 градусқа дейін қыздырылды. Кейін 160-градусқа дейін қыздырылған асфальтбетон қоспасы төселді, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Жұмыстарды орындаған мердігер 5 жыл кепілдік беруде. Қандай да бір олқылық анықталған жағдайда жолды қалпына өз қаражатына келтіреді.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()