Павлодар өңірінде тұмауға қарсы вакцина салу науқаны басталды
Екпені тегін алғысы келген тұрғындар өз тұрғылықты мекенжайлары бойынша емханаға жүгіне алады дейді irbistv.kz тілшісі.
Павлодарда 23 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе сала бастады. Бірінші кезекте тәуекел тобындағыларға салады. Бұл жиі ауыратын балалар мен созылмады жүйке және жүрек қан тамыры жүйесі ауруына шалдыққандар, бронхиалды демікпе мен қант диабетімен ауыратындар. Бұл ресейлік «Грипол плюс».
-«Грипол» екпесі бірнеше жыл бойы пайдаланып келе жатқагндықтан тиімділігі өте жоғары. Балалар мен жиі ауыратын және созылмалы сырқттары бар адамдар арасында тұмауға шалдығу жағдайлары азайды,-деді «AlmazMedicalGroup» емханасы отбасы денсаулығы орталығының меңгерушісі Кенже Такишева.
Вакцина оны алған адам тұмау немесе өткір респираторлық ауруға шалдықпайды деген кепілдік бермейді. Тек ол өте жеңіл түрде және асқынуларсыз өтеді дейді дәрігерлер. Аймағымызда иммундау науқаны 15 қазанға дейін жалғасады. Қарсы көрсетелімдер – тауық ақуызына аллергия, жоғары температура мен созылмалы сырқаттары бар адамдардағы асқынулар.