Павлодар-Астана электр пойызының қозғалыс кестесі өзгерді
Қала маңы электр пойызы құрамында 6 вагон бар және ол Павлодарда мен елордағы бағытында күн сайын қатынайды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Электр пойызының қозғалыс кестесіне қатысты өзгеріс жолаушылардың жайлы қатынауын қамтамасыз етіп, пойыздан кейін түнгі сағат 00:00-ге дейін жүретін қалалық көлікке дер кезінде ауысуға мүмкіндік беру үшін енгізілді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлім етті.
-Енді электр пойыз Астанадан сағат 16:20-да жүріп, Павлодарға сағат 22:59-да жетеді. Кері бағытта Павлодардан сағат 08:05-те жолға шығып, Астанаға сағат 15:15-те келеді. Пойыз құрамында 6 вагон бар және ол күн сайын қатынайды. Жолаушыларға 1-, 2- және 3-санатты вагон қызметін таңдауға мүмкіндік беріледі,-делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайтындағы хабарламада.
Фото: railways.kz
