Павлодар ауданында алғашқы инклюзия кабинеті ашылды.
Инклюзияеңалдыменқарапайымнәрседенбасталады:әрбаланыңжекетұлғаекенінкөребілу,оныңерекшеліктерінқабылдаужәнеқабілеттерінашуғакөмектесу.Луганскмектебіндеашылғанжаңакабинет – әрбаланыңбілімалып,дамуынамүмкіндікжасаужолындағытағыбірмаңыздықадам.Атапайтқанда,ерекшебілімберуқажеттіліктерібарбалаларғақолдаукөрсетугебағытталған.
Жаңа кабинет ойын бөлмесін еске салады. Алайда мұндағы әрбір заттың өзіндік міндеті бар. Олар баланың бойын босаңсытуға, эмоцияларын басқаруға және жаңа дағдыларды меңгеруіне көмектеседі. Кабинетті жабдықтауға облыстық бюджеттен 25 миллион теңге бөлінген. Кеңістік шартты түрде төрт аймаққа бөлінген. Олардың әрқайсысы белгілі бір сабақ түріне арналған. Жарықдиодты панель мен жарқыраған жіптер баланың тынышталып, бойындағы мазасыздықты жеңуіне ықпал етеді. Батутта жиналған энергияны шығаруға болады. Ал сенсорлық жолақтар, панельдер мен құммен сурет салу баланың қоршаған ортаны қабылдау қабілетін және ұсақ моторикасын дамытуға көмектеседі. Барлық жабдық педагог әр баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ ұйымдастыра алатындай етіп таңдалған.
- Бұл жерде біздің балабақшада оқитын тәрбиеленушілер де келіп қызмет етеді. Біз балалардың әрі қарай дамуына қызмет жасаймыз, әрі қарай өздерін еркін сезінуіне. Сол себепті өте қуаныштымыз осы кабиенттің ашылып жатқанына, - деп атап өтті Луганск орта мектебінің педагог-ассистенті Гүлдана ЕРМАНОВА.
Психолог кабинеті де жаңартылды. Бұл – жұмыстың тағы бір маңызды бағыты. Өйткені әр баланың өз тарихы, өзіндік ерекшеліктері мен жетістіктері бар.
Төртінші сынып оқушысы Вадимнің анасының айтуынша, жаңа кабинет ұлына бірден ұнаған. Үйге келген соң баласы алған әсерін ерекше қуанышпен бөліскен.
- Бұған дейін балалар еркін келіп, өздері қалаған іспен айналысып, дамуына мүмкіндік беретін арнайы кабинет болған жоқ. Ал қазір балалардың жанына жақын іспен айналыса алатын осындай кеңістік пайда болды. Мұнда олар тынышталып, өздерін жайлы, бақытты әрі еркін сезіне алады. Ерекше баланың анасы ретінде балаларымызды қандай болса, сол қалпында қабылдап, қолдап, түсінудің қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. Әрбір бала назар мен қамқорлыққа лайық. Олардың білім алып, дамуына, жаңа жетістіктеріне қуанып, шаттануына мүмкіндік берілуі керек, - деп санайды Луганск орта мектебінің оқушысы Вадим Крышмардың анасы Марина КОКИНА.
Павлодарауданындаерекшебілімберуқажеттіліктерібар117балатұрады.Оның15-і – Луганскауылында.Екіоқушыүйденбілімалады.Дегенменолардажаңакабинеткеарнайыкестебойыншакеліп,мамандарменжұмысістейалады.Атапайтқанда,педагог-психологтерменпедагог-ассистенттердіңкөмегінежүгінеалады.
- Бұл инклюзия кабинеті жай ғана кабинет емес, ол жаңағы біздің әр баланың өз мүмкіндіктерін ашуға, қабілеттерін ашуға арналған орта болады дегенге сенеміз, - дейді Павлодар ауданы білім бөлімінің басшысы Жеміс ДУЙСЕКЕНОВА.
Инклюзиятекмектепкабинеттеріменшектелмейді.Балалардыңқоғамдықорындарғаеркінбарып,білімалып,болашақтаөзөміржолынөзбетіншетаңдайалуыдамаңызды.Аудандаосымүмкіндіктердіқамтамасызетуүшінқажеттіжағдайларкезең-кезеңіменжасалыпкеледі.
- Аудандағы 124 әлеуметтік-мәдени нысанның 100-інде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастырылған. Атап айтқанда, пандустар мен арнайы көтергіш құрылғылар орнатылған. Инклюзия кабинетін ашумен қатар, біз мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға және еңбекпен айналысуына да жағдай жасап жатырмыз. Олар үшін жұмыс орындарына арнайы квота белгіленеді. Келесі жылдан бастап бұл квота әрбір жұмыс берушіге eGov жеке кабинеті арқылы автоматты түрде жолданатын болады. Осылайша, мүгедектігі бар азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі арта түседі, - деді Павлодар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Наталия КУЗЯТ.
Айта кету керек, жұмысқа орналасу кезінде мүгедектігі бар азаматтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар олар өз кәсібін дамыту үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант ала алады. Павлодар ауданында 890-нан астам адам, яғни мұқтаж жандардың шамамен 90 пайызы оңалту құралдарымен қамтамасыз етілген. Олардың қатарында мүгедектер арбалары, гигиеналық құралдар және санаторий-курорттық емделуге арналған жолдамалар бар.

