Павлодар балабақшасындағы жанжал: ата-аналар полицияға баруын жалғастыруда
№116 балабақшадағы тәрбиешінің әрекетінен жапа шеккен он баланың ата-анасы полицияға арызданған. Барлық балалар сот-медициналық сараптамасынан өтті деп хабарлайды irbistv.kz.
Қылмыстық іс материалдары Павлодар облысы полиция департаменті тергеу басқармасына жіберілді. Бейнежазбаларды зерттеу жалғасуда. Жапа шеккен бала саны артуы мүмкін.
- Күдікті кетпеу қолхатымен босатылды. Қазіргі уақытта ол жұмыстан шеттетілді. Балабақша меңгерушісіне қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлады Павлодар облысы аймақтық балалар құқығы бойынша жедел уәкіл Сәуле Шакенева.
Екі ата-ана психологиялық қолдаудың аймақтық орталығына жүгінген. Орталық басшысы Жанаргүл Сматаева әсіресе сөйлей алмайтын кішкентай балалармен жұмыс істеу үшін арнайы тетік керек дейді. Орталық мамандары ата-аналардың өтініші бойынша көшпелі топтық дәрістер өткізуге дайын.
Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін желіде Павлодардағы №116 балабақша тәрбиешісінің балаларды шашынан сүйреп, оларға қол жұмсап жатқаны туралы бейне пайда болған еді. Бұл әрекеттер бақылау камерасына түсіп қалған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, қызметтік тергеу жүріп жатыр
фото: Freepik.com