• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар басқармаларының басшылары тұрғындарды арнайы орында қабылдайды

Павлодар басқармаларының басшылары тұрғындарды арнайы орында қабылдайды

Бұл әлеуметтік фронт кеңседе азаматтар қызметті көптеген кабинеттерді араламай қысқа мерзімде бір үстелден ала алады. Мұнда денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мамандары, заңгерлер қызмет көрсетеді. 

 

- Әрбір азамат қабылданады. Бірінші басшылары басқармалардың, орынбасарлары мұнда түсіп дұрыс нақты түсініктеме беріп, көмек көрсете алады. Және адал көмек ретінде мұнда заңгерлер бұрыннан шешілмеген мәселелерді ашық түрде шешеді, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті "Превенция және парасаттылық" басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов.

 

Бастысы фронт кеңседегі қызметтер ашық түрде көрсетіледі. Қандай да бір заң бұзушылық болса ақпарат бірден сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне түседі. Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша мұнда кез-келген мәселемен көмектесіп, кеңес беруге дайын.

 

- Көбінесе денсаулық сақтау басқармасына күнделікті түрде медициналық ұйымдарда ағымдағы сұрақтар бойынша шағымданады. Яғни дәрігерлердің дөрекі сөйлеуі немесе емдеуді сапалы түрде емес көрсетілуі, уақытында көрсетілмеуі бойынша адамдар жүгінеді.  Мұндай кезде фронт кеңсе өз көмегін көрсетеді, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы стратегиялық дамыту бөлімі басшысының м.а. Ерғалым Асылбек.

 

Мамандардың айтуынша бұл әлеуметтік фронт кеңсе қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында әлі де кеңейеді деп күтілуде. Әзірге азаматтарды Астана, 59 мекенжайында күнделікті түрде қабылдайды.