• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар-Ерейментау-Нұрсұлтан бағытындағы жолда мәселе болмайды

Павлодар-Ерейментау-Нұрсұлтан бағытындағы жолда мәселе болмайды

Қыс мезгілінде қар тұрып қалмас үшін онда бетон, металл және пластмасса қалқандар орнатқан. Сонымен қатар, күре жолдың тек 15 шақырымы ең мәселелі деп саналады. Жыл соңына дейін онда темір бетон қоршау орнатылады. Ауа райы күрт  өзгерген жағдайда арнайы техника тәулік бойы кезекшілік құрып, жолды тазалайды.

- Жол ақылы болғаннан кейін оның қызмет сапасы да артады. Барлық түскен ақша жолдың тазалығын қамтамасыз етуге жұмсалады. Өткен жылдардағыдай қар тұрып қалу кесірінен көліктердің тоқтау оқиғасы болмайды. Бұл ретте, қарашаның 15-і түнгі 00-00 ден бастап жол ақылы түрде жұмыс жасайды,-деді «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Ақылбек Қабылдин.

Жеңіл көлік үшін 1 шақырым 1 теңге, ал жүк көліктері үшін 5-25 теңге аралығында. Яғни, көліктің санатына байланысты болмақ. Ленин кенті, Қалқаман және Бәйет ауылдары маңына арнайы құрылым қойылған. Көліктердің өтуін аркаға орнатылған камера тіркеп отырмақ. Ал Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құжаты қазір мемлекеттік сараптамада. Алдағы жылы  республикалық бюджет қаржы бөлген жағдайда құрылысқа кірісуі мүмкін.