• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар көшелеріндегі есірткі жарнамаларын жою акциясы өтті

Павлодар көшелеріндегі есірткі жарнамаларын жою акциясы өтті

 

 

 

 

Шаһар аумағындағы көпқабаттылардың қабырғаларында осындай есірткі жарнамаларын жиі көріп жатамыз. Рейдтік шаралардың арқасында мұндай белгілер жойылғанымен олардың орнына жаңалары пайда болып жатады. 20-дан астам белсенді қолдарына бояу алып қабырғалардағы жарнамаларды іздеуге кірісті. Қолайсыз ауа райы жастарға еш кедергі болмады. Белгілерді жоюдан бөлек керекті мағлұматтар таратылды.

 

- Бүгін тұрғын үйлердің кіре берістеріне қажетті ақпарат жазылған парақшаны жапсыруды бастадық. Онда баланың құпия қаптамашы екенін айғақтайтын белгілер көрсетілен. Осылайша, есірткінің таралуына тосқауыл боламыз,-дейді «AMANAT» партиясы жастар кеңесінің төрағасы Рахат Тұрлыбай.

 

-ҚР ҚК 297 бабы бойынша есірткі немесе психотропты заттарды сатуға қатысты 15 жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар,қылмыстық кодекстің 299 бабы бірінші тармағы бойынша аты аталған заттарды әлеуметтік желілерде жарнамалағандарға 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған,-деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ирина Темірғалиева.

 

Осылайша қала аумағын толық қамту көзделіп отыр. Шара бір ай көлемінде жүргізілмек. Осы орайда, мамандар әлеуметтік желіні де басты назарға алғандарын айтуда. Павлодар облысында соңғы 8 айдың ішінде есірткіге қатысты 136 дерек тіркелген. Заңсыз айналымнан 123 киллограмм тыйым салынған зат тәркіленген.