Павлодар коммуналшылары: «Кіші формаларды вандалдар бұзады»
Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған аллея жөндеуді қажет етеді. Бүгінде коммуналшылар біздің сұранымнан кейін қолайлы ауа райы болған жағдайда барлығын ретке келтіруге уәде берді.
- Әрине, міндетті түрде жөндеу керек. Өйткені, сынып, бүлініп тұр, - дейді Павлодар тұрғыны.
Көбісі жаңадан сырлауды және кейбір элементтерді желімдеуді қажет етеді. Ал орындықтар мен қоқыс жәшіктерін дәнекерлеу керек. Коммуналшылар бұл мәселе туралы біледі.
- Назарбаев даңғылындағы жасыл аймақтағы кіші формалар туралы айтатын болсақ, онда матрешкалар және темірден жасалған киіз үй бар. Жыл сайын біз қыс мезгілінен кейін олардың жағдайын анықтап, көктемде жөндеу жүргіземіз. Қолайлы ауа райы орын алған жағдайда бірден сырлау және дәнекерлеуді бастайтын боламыз, - дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Әлбек Оразалин.
Бұл бағытқа қанша қаражат жұмсалатыны, түгендеу жұмыстарынан кейін белгілі болады. Сметалық құжаттама дайын болғанда конкурс ойнатылады.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа