Павлодар көшелерін жамауға 1 миллиард 127 миллион теңге жұмсалмақ
Ең алдымен шұңқырға толы көшелерді қолға алмақ.Қамзин көшесінің Толстойдан Шөкинге дейінгі аралығындағы шұңқырларды жабуда. Мердігерлік ұйым өкілдері ең алдымен асфальт жабынын дайындап, шайыр жағылып, кейін ыстық материалмен тегістеледі дейді. Мұндай әдіспен Павлодардың 20 көшесіндегі тесіктерді бітеп үлгерді.
-Сонымен қатар, бүгін Циолковский көшесі Қамзиннен кіші айналма жолға дейін, Ворушин Циолковскийден – Ломовқа дейінгі аралығында, Мәшһүр Жүсіп Мирден Лермонтовқа дейінгі аралғындағы шұңқырлар жабылуда,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің маманы Арсен Жұмабеков.
Биыл Павлодар көшелерін жамауға 1 миллиард 127 миллион теңге жұмсалмақ. Анықталған мердігерлік ұйым наурыздың 10-нан жұмысына кіріскен. Жалпы 30 мың шаршы метр жол жабынын жөндеуді көздейді.
Авторы:Айтмұхамбет Айғожа