• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар мамандары короновирусқа қарсы ревакцинация жасауға дайын

Павлодар мамандары короновирусқа қарсы ревакцинация жасауға дайын

Жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған америкалық «Пфайзер» препаратын 5 мыңнан астам адам алған. Жақында оны дәрігерлер мен 60 жастан асқандарға да сала бастады. Айта кету керек, Павлодар облысына бір компонентті 6,5 мың доза «Спутник лайт» жеткізілді.

 

- Ертеңнен бастап ол медициналық ұйымдарға таратылады. Дәрігерлер тізім жасап, «Спутник лайт»-пен қайта екпе алуға шақыруды бастайды. Сонымен қатар біз «Спутник V” бірінші компонентін қайта салуға рұқсат алдық. Одан бізде шамамен 6 мың доза қалды. Яғни қайта екпе жасауға осы екі вакцинаны қолдана аламыз, - деп мәлімдеді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

 

Жалпы ауырғандар саны күрт көбейсе де, бос емес керует саны бар болғаны 42% құрайды. Қазіргі таңда 575 адам стационарда ем алуда. Сонымен бірге коронавирус жұқтырған 246 бала тіркелген. Жансақтау бөлімінде 21 науқас ауыр жағдайда, олардың екеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Айта кету керек, 2022 басынан өңірімізде 8 адам індеттен көз жұмған.