Павлодар мектептерінде сабақтар 40 минуттан оқытылады

 

 

Оқу ұйымдарындағы бала санын ескере отырып қоңырау кестесін өзгерткен. Қаладағы 39 мектептің оқушылары ең кеш шығады, онда екінші маусым енді 19:30-да аяқталады дейді irbistv.kz тілшісі

 

Білім бөлімінде қоңырау кестесін санитарлық талаптарға сай құратынын айтты. Бұған дейін түрлі мектепте әртүрлі болған. Ең ұзақ сабақ - 45 минут. Бұл да бала санына байланысты. Қазір бірыңғай уақытты таңдаған. Ата-аналардың ұсынысы солай болыпты.

 

- Екінші ауысымдағы соңғы сабақ 19:20 — 19:30 аяқталады. Мәселен 39 мектеп онда 97 сынып бар. Ал оқу кабинеттерінің саны бар болғаны - 57. басқаларында 19:00-де, 19:05-те аяқталады. Қалай болғанда да біз бұл мәселені реттедік,-деді Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Жанат Асаинова.

 

Ең аз үзіліс - 5 минут. Енді барлық мектептерде қоңырау кестесі осындай. Тек кейбіреуінде ас ішіп үлгермейтіндіктен басқаша жасаған.

 

- Бізде екі үзіліс 15 минуттан. Бұл бастауыш сынып пен орта буын асханада тамақтанатын уақыт. Себебі біздің мектептердегі асханалардың алаңы барлығында бірдей емес. Кейбірі кең, бала көп сияды, барлығы тамақтанып үлгереді. Сол себепті оларда үзіліс 10 минут қана,-деді Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Жанат Асаинова.

 

Павлодарда ресми түрде 7 мектепте бала саны тым көп. Онда ауыспалы жүйе жұмыс істейді. Алдағы жылы «Достық» мөлтекауданында салынатын жаңа білім ордасының арқасында 21-ші мектептегі, бала санын азайтпақшы, ал Байтұрсынов атындағы мектептегі мәселені жанына қосымша ғимарат салу арқылы шешпекші.

 

 

Фото: Freepik.com