• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар мектептерінің оқушылары үшін полиция бөлімшелеріне экскурсия ұйымдастырылды

Павлодар мектептерінің оқушылары үшін полиция бөлімшелеріне экскурсия ұйымдастырылды

Шараны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған балалар жылына орайластырған. Оқушыларға мұнда кинолог маманға қажет құралдар мен жабдықтар таныстырылды. Балалар үшін қызметтік иттердің есірткі және психотропты заттарды табуы қызықты болды.

 

-Бүгінгі экскурсия маған ұнады. Ақылды иттер жоғалған адамды іздейді. Және жарылатын зиянды заттарды иіспен табады. Адамдарға айтқым келгені зиянды заттарға әуес болмаңдар,- дейді 6 сынып оқушысы Аңсар Шідербай.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша экскурсияның мақсаты балаларды есірткіден, заң бұзушылықтан аулақ болуға үйрету және полицияға уақытында көмекке жүгінуге бейімдеу болып табылады.

 

-Шараның мақсаты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған балаларға қатысты бұл. Олардың арасында қылмыс орын алмаса екен деп тілейміз. Басты мақсаты сол болып есептелінеді шараның,- дейді әділет подполковнигі Гүлмира Есімханова.

 

Экскурсия барысында оқушылар кинологиялық орталықпен қатар, ПД жауынгерлік даңқ музейіне және патрульдік полиция батальоны автопаркіне барды.

 

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы