Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар мен қала маңындағы елдімекендерде мұз айдындары құйыла бастады

Қоғам

12
Қаламызда мұз айдындары дайындалуда. Биыл олардың саны 25 болмақ. Сонымен бірге аулаларда орнатылады.Мамандар сапа жағын толық бақылауда ұстаймыз дейді. Айдындарға су құю кезең-кезеңімен жүргізіледі.

-Қалалық саябақта құйып жатырмыз. Аяз болса біз жұманың ішінде барлығын құйып тастаймыз. Мұз құю үшін 15 градустан төмен аяз болуы қажет, - дейді «Батыр» БЖСМ  балалар алаңы бойынша меңгерушісі  Ғизат Смаилов.

 

Арнайы алаңдарды шаһар маңындағы ауылдық елді мекендерде де құяды. Бұл Жетекші, Павлодарское, Ленин кенті, Кенжекөл және Мойылды.  Белгіленген мекенжайларды қалалық әкімдіктің сайтынан көруге болады. Сонымен қатар Гагарин саябағында, қалалық саябақта, «Ертіс» және «Зеленая роща»  шаңғы базаларында да сырғанақ құйылады. Айту керек, аймағымыздағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты алаңдар маңында коньки, шаңғыларды жалға беру  мәселесі әзірге шешілмеген. Оған облыстың бас санитарлық дәрігерінің рұқсаты қажет екені белгілі.  Ал өзіңізде сырғанауға қажетті спорттық құралдар бар  болса емін-еркін демалуға болады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()