• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар мен қала маңындағы елдімекендерде мұз айдындары құйыла бастады

Павлодар мен қала маңындағы елдімекендерде мұз айдындары құйыла бастады

-Қалалық саябақта құйып жатырмыз. Аяз болса біз жұманың ішінде барлығын құйып тастаймыз. Мұз құю үшін 15 градустан төмен аяз болуы қажет, - дейді «Батыр» БЖСМ  балалар алаңы бойынша меңгерушісі  Ғизат Смаилов.

 

Арнайы алаңдарды шаһар маңындағы ауылдық елді мекендерде де құяды. Бұл Жетекші, Павлодарское, Ленин кенті, Кенжекөл және Мойылды.  Белгіленген мекенжайларды қалалық әкімдіктің сайтынан көруге болады. Сонымен қатар Гагарин саябағында, қалалық саябақта, «Ертіс» және «Зеленая роща»  шаңғы базаларында да сырғанақ құйылады. Айту керек, аймағымыздағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты алаңдар маңында коньки, шаңғыларды жалға беру  мәселесі әзірге шешілмеген. Оған облыстың бас санитарлық дәрігерінің рұқсаты қажет екені белгілі.  Ал өзіңізде сырғанауға қажетті спорттық құралдар бар  болса емін-еркін демалуға болады.