• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар-Нұрсұлтан бағытындағы жолдың ақылы болуы тағы да кейінге шегерілді

Павлодар-Нұрсұлтан бағытындағы жолдың ақылы болуы тағы да кейінге шегерілді

Әлеуметтік желілерде жүргізушілердің ақылы жолды неге тиісінше тазаламайды деген бейнежазбалары мен көктайғаққа айналған жолдың суреттері толып кетті. Естеріңізге салсақ, бұған дейін «Қазавтожолдың» павлодар облысындағы филиалының басшысы Ақылбек Қабылдин ақылы жолдың ақшасы оған қызмет көрсетуге жұмсалады деген болатын. 

- Ақылы жолды енгізу туралы бұйрыққа қол қойылды. Жақында БАҚ жарияланады. Одан кейін 10 күн өткен соң бұл жолдар ақылы болады. Осы айдың соңына дейін қосылады деп күтіп отырмыз, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары Ержан Кисиков.

Дегенмен де Қазавтожолда қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша шамамен 70 шақты техника бірлігі жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол тәулік бойы кезекшілік құрып, қар салдарымен күресуде. Айтуларынша жиналған қар да, көктайғақ та жоқ. Ал қарашаның 14-і күні Павлодар-Успен күре жолында жан түршігерлік көлік апаты орын алды.  Екі жеңіл машина бір-бірімен тіке қақтығысып, нәтижесінде екі адам сол жерде көз жұмды.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы