Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар оқушылары “ERG-Service” бөлімшелерінің бірінде болып қайтты

Қоғам

121
Олар павлодар машинажасау зауытының жұмысымен танысты.

Шеберлердің қолындағы қатты болат қиын бөлектерген айналғанын өз көдерімен көрді.
Өндіріс орынында өз-өзін қалай ұстау керек жөніндегі нұсқау мектеп оқушылары үшін ең қызық сабақтардың бірі болды. Ең бастысы – пайдалы. Сондықтан, цехта каска, көзілдірік және арнайы киім киген олар өздерін толығымен еркін сезінді. Әрбір білдектің басында тәжірбиелі мамандар жұмыстың барысын түсіндірді. Айта кету керек, Павлодар машина жасау зауытының сапалы өнімдері тек Қазақстанда емес, сондай-ақ шетелдерде де танымал.
- Маған барлығы ұнады. Бұл жерде жұмыс істеу қалай екенін және болашақта бұл зауытта жұмыс істей алу мүмкіндігі бар екендігі жайлы білдім. Мен бұған дейін зауытта болған жоқпын. Өте қызықты екен, - деді №2 ЖББМ оқушысы Данель Тлеулес.
Оқушыларға экскурсия жүргізу идеясын жастар бастамаларын дамыту орталығы ұсынған. “ERG-Service” бірден қолдады. Кәсіпорында болашақ және жас техникалық бағыттағы мамандарға ерекше көңіл бөледі.
- Менің ойымша кәсіптік бағдар мектеп оқушылар үшін өте маңызды. Себебі, тоғызыншы, сегізінші сынып оқушылары қандай мамандық таңдайтындарын әлі білмейді. Сондықтан, мұндай шаралар олар үшін өте қажет, - деді ЖБДО жастарға кәсіптік бағдар беру инспекторы Жандарбек Қабдраш.
- Біз кәсіптік бағдар жұмыстарын тек оқушылар үшін емес, сондай-ақ студенттер үшін де жүргіземіз. Бұл жас мамандармен еңбек етуге өте маңызды аспект.  ERG-сервис үш бөлімшеден тұрады. Бұл павлодар машина жасау зауыты, құю-механикалық цехы мен өндірістік-жөндеу жұмыстары бөлімшесі. Біз техникалық мамандарды күтеміз. Бізге токарь, білдек мандары, кран машинистері қажет. Сондықтан, біз осы мамандармен жұмыс істеуде үлкен көңіл бөлеміз, - деді «ERG-Service» ЖШС әлеуетті дамыту бойынша үйлестіруші Әсел Темербаева.
Кәсіби бағдар жұмыстары жалғасын табады. Тек мектеп оқушыларымен емес, сондай-ақ студенттермен де.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()