• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облыстық көркемсурет музейінде мерекелік іс-шара өтті

Павлодар облыстық көркемсурет музейінде мерекелік іс-шара өтті

Бұл ретте «Музейдегі түн» шарасы 25-ші рет өткізілді. Аталмыш шара «Қара квадрат шоуы» тақырыбымен байланысты болды.

 

- Біз дәл осы фигураны алдық, өйткені бұл суретшіге, осы туындыға қатысты әртүрлі сұрақтарымыз бар. Сонымен қатар, ең қымбаты, егер ол бүгін ашық сауда-саттықта пайда болса, онда ол 140 миллион доллар тұратын еді. Сондықтан, бұл шаршының парадоксы қандай, ол қара шаршының астында не жасырылған. Бұл туралы бүгін біз осы іс-шараның Музейдегі салтанатты ашылуында айтамыз,- дейді Павлодар облыстық көркемсуркет музей басшысының орынбасары Ольга Пашко.

 

Мұнда бірнеше жас авторлардың алғашқы шығармашылық көрмесі өтті. Бұл ретте, жиналғандардың актерлік шеберліктері де тексерілді. Сонымен қатар, екі бірдей фото аймақ ұйымдастырылды. Біріншісі тематикаға сай болса, екіншісі ретро стилінде болды. Мерекелік іс-шараға жыл сайын политехникалық колледж студенттері белсенді қатысып келеді. Осы жылғы кеш үшін олар супрематизм стилін таңдаған. Яғни, бұл түрлі түсті грим мен геометриялық фигуралар.

 

- Бұл стиль жарқын геометрия. Яғни, геометриялық фигуралар, шеңберлер, үшбұрыштар, квадраттар түрлі түс схемасында көрсетіледі. Әдетте, көпшілікке Малеевичтің «Қара квадраты» танымал. Бірақ іс жүзінде оның көптеген суреттері бар, мысалы, түрлі-түсті геометрияда. Мұндай жұмысты жасамас бұрын, біз бірнеше апта бойы суреттеуді ойластырамыз. Шабытты, оны қайдан алуға болатынын іздейміз,- дейді колледж оқытушысы Лариса Саранченко.

 

Жас ерекшеліктері бойынша шектеу жоқ. Кішкентай балақайлар мен ересектер шеберлік сағаттарына белсенді қатысты. Олар сурет салып, арнайы бұйымдарды жасап көрді. Қала тұрғындары көркем базардан қолөнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалады. Музей түні кешкі уақытқа дейін жалғасты.

 

 

Авторы:Альфия Омарова